№ 92-НҚ Бұйрық «Труменба® (менингококк инфекциялары профилактикасына арналған В тобы менингококк вакцинасы (рекомбинантты, адсорбцияланған), бұлшықет ішіне енгізуге арналған суспензия, 0,5 мл/доза» балк-өнімнің тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы»

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Абай облысы бойынша Департаменті» (әрі қарай – Департамент) РММ-і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2026 жылғы 09 ақпандағы № 92-НҚ «Труменба® (менингококк инфекциялары профилактикасына арналған В тобы менингококк вакцинасы (рекомбинантты, адсорбцияланған), бұлшықет ішіне енгізуге арналған суспензия, 0,5 мл/доза» балк-өнімнің тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» бұйрығына сәйкес:

- «Труменба® (менингококк инфекциялары профилактикасына арналған В тобы менингококк вакцинасы (рекомбинантты, адсорбцияланған), бұлшықет ішіне енгізуге арналған суспензия, 0,5 мл/доза», ҚР-БП-5№024228, тіркеу куәлігін ұстаушы «Пфайзер Инк», АҚШ, балк-өнімнің тіркеу куәлігі кері қайтарылды.

Негіздеме: Pfizer Export B.V. (Пфайзер Экспорт Би.Ви.) компаниясының Қазақстан Республикасындағы филиалының 2026 жылғы 30 қаңтардағы № ЗТ-2026-00392418 өтініші.

Дата публикации
10 февраля 2026