«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 3-тармағының 7 тармақшасына сәйкес және «Достинекс®, таблеткалар, 0,5 миллиграмм, 8 таблеткадан құтыда, 1 құтыдан картон қорапшада» Комитет төрағасының 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 46-НҚ бұйрығына сәйкес:
- «Достинекс®, таблеткалар, 0,5 миллиграмм, 8 таблеткадан құтыда, 1 құтыдан картон қорапшада» № ҚР-ДЗ-5№012082 Пфайзер Италия С.р.л. Италия өндіруші, № LP9837 сериясы, сақтау мерзімі 06.2026 ж. медициналық қолдану тоқтатылды және пайдаланудан шығарылды.
Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2026 жылғы 12 қаңтардағы № 26-14-53/И хаты және 2026 жылғы 9 қаңтардағы № OP-720/25 сынақ нәтижелері.