№538-НҚ Об отзыве регистрационного удостоверения лекарственного средства «Андрокур®, таблетки, 50 мг»

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2025 жылғы 8 желтоқсандағы «Андрокур® таблеткалар 50 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» №538-НҚ бұйрығына  сәйкес "Андрокур® 50 мг таблеткалар" дәрілік затының тіркеу куәлігі, ҚР-ДЗ-5№016205, тіркеу куәлігінің ұстаушысы Байер АГ, Германия кері қайтарылғанын хабарлайды.

Негіздеме: 2025 жылғы 21 қарашадағы Шығыс. №384 "Байер қаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің хаты

Дата публикации
15 декабря 2025