№537-НҚ «Граноцит® 34 » дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы

          «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2025 жылғы 8 желтоқсандағы ««Граноцит® 34, вена ішіне және тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат еріткішпен жиынтықта, 33,6 млн.ХБ» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» №537-НҚ бұйрығына  сәйкес «Граноцит® 34, вена ішіне және тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат еріткішпен жиынтықта, 33,6 млн.ХБ», ҚР-ДЗ-5№011030 тіркеу куәлігін ұстаушы Санофи АБ, Швеция, дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылғанын хабарлайды.

Негіздеме: «Swixx Biopharma (Свикс Биофарма)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025 жылғы 17 қарашадағы №REG0416-11-16-2025 шығыс  хаты.

Дата публикации
15 декабря 2025