№ 513-НҚ бұйрық «Месопраль, ішекте еритін қатты капсулалар 20 мг және 40 мг»

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 3-тармағының 7 тармақшасына сәйкес және «Месопраль, ішекте еритін қатты капсулалар 20 мг және 40 мг» Комитет төрағасының   2025 жылғы 14 қарашадағы №513-НҚ бұйрығына сәйкес:

  1. «Месопраль, ішекте еритін қатты капсулалар 20 мг», ҚР-ДЗ-5№022684, тіркеу куәлігін ұстаушының атауы «Химфарм» АҚ, Қазақстан;
  2. «Месопраль, ішекте еритін қатты капсулалар 40 мг», ҚР-ДЗ-5№022684, тіркеу куәлігін ұстаушының атауы «Химфарм» АҚ, Қазақстан, дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылғанын хабарлайды.

Негіздеме: «Химфарм» акционерлік қоғамдастығының 2025 жылғы 23 қазандағы №459 хаты.

Дата публикации
24 ноября 2025