«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» (әрі қарай – Департамент) РММ-і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және «Максигра® White, шайнайтын таблеткалар 50 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» Комитет төрағасының 2025 жылғы 14 қарашадағы №511-НҚ бұйрығына сәйкес:
- «Максигра® White, шайнайтын таблеткалар 50 мг», ҚР-ДЗ-5№023811 тіркеу куәлігін ұстаушы «Химфарм» АҚ, Қазақстан дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылсын.
Негіздеме: «Химфарм» акционерлік қоғамдастығының 2025 жылғы 23 қазандағы №460 шығыс хаты.