«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» (әрі қарай – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Комитеті Төрағасының 2025 жылғы 31 қазандағы № 484-НҚ «Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» негізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасы міндетін атқарушысының 2025 жылғы 22 қазандағы № 469-НҚ бұйрығының күшін жоюы туралы хабарлайды.
Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2025 жылғы 24 қазандағы № 44-08-2155/3566, 2025 жылғы 29 қазандағы № № 44-08-2169/3566, № 44-08-2173/3578, «Келун-Казфарм» (Келун-Казфарм) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 136/Р мен № 10602, 2025 жылғы 26 қазандағы № 10603 хаттары, «Келун-Казфарм» (Келун-Казфарм) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің түзету және алдын алу шаралары жоспарының толықтығы мен нәтижелілігі және оны орындау туралы есеп бойынша бағалау есебі, түзету және алдын алу шараларының жоспары және оны орындау туралы есебі.