«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және «Доксициклин ШТАДА® 100 мг таблеткалар» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» Комитет төрағасының м.а. 2024 жылғы 18 қыркүектегі №398-НҚ бұйрығына сәйкес, Rottendorph Pharma Gmbh. Германия өндірушісі, «Доксициклин ШТАДА®100 мг таблеткалар», ҚР-ДЗ-5№011181 дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылғанын және айналыстан алыну керектігін хабарлайды.