«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2024 жылғы 6 тамыздағы «Кейбір медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасы міндетін атқарушының 2024 жылғы 22 шілдедегі № 285-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» №313-НҚ осы бұйрыққа сәйкес мынандай өзгеріс енгізілуі туралы хабарлайды:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген негіздеме мынадай редакцияда жазылсын:
«Негіздеме: Комитеттің Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімшесінің 2024 жылғы 18 шілдедегі № 25-26-06-08/1308-И хаты және 2024 жылғы 15 шілдедегі № 106 тексеру нәтижелері туралы акті».