веролимус дәрілік жабынымен Promus PREMIER™ MONORAIL™ коронарлық платина-хромдық стент-жүйесі құрылғысы медициналық бұйымның тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы

 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2024 жылғы 18 маусымдағы
«Эверолимус дәрілік жабынымен Promus PREMIER™ MONORAIL™ коронарлық платина-хромдық стент-жүйесі құрылғысы медициналық бұйымның тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» №218-НҚ осы бұйрыққа сәйкес Boston Scientific Corporation, Америка Құрама Штаттары, «Эверолимус дәрілік жабынымен Promus PREMIER™ MONORAIL™ коронарлық платина-хромдық стент-жүйесі», ҚР-МББ-5№020860 медициналық бұйымның тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы хабарлайды.

Дата публикации
12 августа 2024