«Дапаглисан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг және 10 мг» дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 1-бабының 3-тармағына және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.Мына дәрілік заттарының тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтірілсін:

- «Дапаглисан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг», өндірушісі «Польфарма» АҚ фармацевтикалық зауыты Нова Демабадағы өңдірістік бөлім», Польша, ҚР-ДЗ-5№025959;

- «Дапаглисан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг», өндірушісі «Польфарма» АҚ фармацевтикалық зауыты Нова Демабадағы өңдірістік бөлім», Польша, ҚР-ДЗ-5№025958.

2.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасы міндетін атқарушысың 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 24-НҚ «Дапаглисан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг және 10 мг» дәрілік препаратының тіркеу куәліктерін қолданылуын тоқтата тұру туралы» бұйрығының күші жойылсын.

Дата публикации
10 мая 2024