Тантум Роза®, қынаптық ерітінді, 0,1% и Тантум Роза®, қынаптық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 500 мг дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:

Мына дәрілік заттарының тіркеу куәліктерін кері қайтарылсын және айналыстан алынсын:

- Азиенде Кимике Риуните Анжелини Франческо А.К.Р.А.Ф. С.п.А., Италия өндірушісі, «Тантум  Роза®, қынаптық ерітінді, 0,1%» ҚР-ДЗ-5№009124;

- Азиенде Кимике Риуните Анжелини Франческо А.К.Р.А.Ф. С.п.А., Италия өндірушісі, «Тантум  Роза®, ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 500 мг» ҚР-ДЗ-5№009123.

Дата публикации
26 апреля 2024