Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірі – «Клиникалық практикаға рұқсат беру маман сертификатының берілуі». Клиникалық практикамен айналысатын адамдарға денсаулық сақтау саласындағы клиникалық практикаға рұқсат берілу үшін рұқсат құжатының, маман сертификатының болуы қажет. Маман сертификатын алуға өтініш берген кезде мына нормативті к құқықтық актіні, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 21818 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығын басшылыққа алу қажет. https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200030564
Осы бұйрықта денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттары бекітілген.
Аталған шарттарға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну жөніндегі алгоритм әзірленген.
Клиникалық практикаға рұқсат беру сертификатын беру ушін мемлекеттік қызмет көрсету алгоритмін ұсынамыз.
1. www.elicense.kz порталына кіру, «Денсаулық сақтау» таңдау;
2. «клиникалық практикаға рұқсат беру үшін маман сертификатын беру» қызметін таңдау, «қызметке онлайн тапсырыс беру» басу;
3. Лицензиар органды таңдау терезесі пайда болады;
4. Абай облысын таңдаймыз– «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі;
5. Өтініш беріліп отырған мамандық бойынша өтінішті толтыру.
6. Мәліметтер нысаны ашылады, онда оқу орнын, интернатураны, резидентураны аяқтау, жұмыс орны, еңбек қызметі, өтініш беріліп отырған мамандық бойынша жұмыс өтілі туралы шынайы ақпараты бар әрбір жолды толтыру қажет.
7. Мәліметтер нысанын толық толтырған соң, барлық мәліметтерді тағы бір мәрте тексеріп, «Сақтау» батырмасын басу қажет;
8. Сақтаудан соң, портал құжаттың қажетті электрондық көшірмелерін тіркеуді сұрайды: оқу орнын аяқтау туралы диплом, интернатураны, резидентураны аяқтау туралы куәлік, соңғы 5 жыл ішінде өтініш беріліп отырған мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлік, еңбек кітапшасі. Құжаттың электрондық көшірмесі – түпнұсқа құжаттың электрондық-сандық нысандағы түрі мен ақпаратын (мәліметтерді) толықтай көрсететін құжат. Тізімде көрсетілмеген құжаттарды тіркеудің қажеті жоқ.
9. Соңғы тармақ қызметті алушының өтінішке электрондық-сандық қолтаңбамен қол қоюы болады.