«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі ««Мометазон Санто (Мометазон), сыртқа қолдануға арналған крем, 0,1 %» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» №208-НҚ осы бұйрыққа сәйкес ««Мометазон Санто (Мометазон), сыртқа қолдануға арналған крем, 0,1 %» «АКРИХИН» Химия фармацевтикалық комбинаты» АҚ, Ресей Федерациясы, тіркеу куәлігінің нөмірі ЛП-№013266-РГ-KZ, дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылғанын хабарлайды.
Негіздеме: «Химфарм» АҚ 2026 жылғы 02 сәуірдегі № ЗТ-2026-01352234 өтініші.