«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі «Дәрілік заттың сериясын (партиясын) медициналық қолданылуына тыйым салу және айналыстан алу туралы» №207-НҚ осы бұйрыққа сәйкес «Визипак™, инъекцияға арналған ерітінді, 320 мг йод/мл, 100 мл полипропилен құтыда, 10 құтыдан картон корапшада» № ҚР-ДЗ-5№016258 ДжиИ Хэлскеа Ирландия Лимитед, Ирландия өндіруші, сериясы 17350682, 08.2028 ж. дейін жарамды дәрілік заттың сериясын (партиясын) медициналық қолданылуына тыйым салынғанын және қолданыстан алынғанын хабарлайды.
Негіздеме: Жедел хабарландыру жүйесінің (Rapid Alert Notification) № IE/I/2026/01 хабарламасы және Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 25-06-760/И және 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 25-06-535/939 хаттары.