Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, (негізгі қызметкердің оқу кезеңіндегі демалысы уақытында 03.01.2023 жылға дейін)С-3 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру; Басқармаға жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асыру; Департаментінің басшылығына штат санының белгіленген лимиті шегінде басқарманың штат кестесі бойынша ұсыныстар ұсыну; Департамент басшылығына Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы, сондай-ақ көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар ұсыну; Басқарма қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін белгілеу; басқарма қызметінің саласына кіретін мәселелер бойынша міндетті орындау үшін Басқарма қызметкерлеріне тапсырмалар беру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау және шығыс хат-хабарларға қол қою; Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсiндiру жұмысы бойынша үйлестіру, мемлекеттiк органда жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру; Министрліктің қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша консультация беру; Министрлік басшыларының тапсырмалары мен құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша заңнамалық қорытындыларды дайындау;

Министрлік жетекшілік ететін салалары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру; Департамент пен Министрлік басшыларының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар дайындау; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.08.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.08.2021 – 20.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

24.08.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 2 қабат, 277 кабинет (қашықтықтан)

Анықтама алу үшін байланыс

+7 (7172) 74-13-88