Заң департаменті Нормативтік құқықтық актілерді құқықтық сараптау басқармасының басшысы
Астана қаласы
-
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру; Басқармаға жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асыру; Департаментінің басшылығына штат санының белгіленген лимиті шегінде басқарманың штат кестесі бойынша ұсыныстар ұсыну; Департамент басшылығына Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы, сондай-ақ көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар ұсыну; Басқарма қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін белгілеу; басқарма қызметінің саласына кіретін мәселелер бойынша міндетті орындау үшін Басқарма қызметкерлеріне тапсырмалар беру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау және шығыс хат-хабарларға қол қою; Басқарма қызметкерлерінің заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауын бақылауды жүзеге асыру; Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру; Министрліктің заңнамалық актілерін әзірлеу және сараптама жасау жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыру; Департаменттің жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу; Министрлік әзірлейтін нормативтік құқықтық актілер жобаларын, сондай-ақ заң сипатындағы басқа да құжаттарды, оның ішінде оларды Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда, келісу жолымен дайындауға қатысу; Департамент пен Министрлік басшыларының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар дайындау; Басқарма қызметкерлерінің Департамент пен Министрлік басшыларының бұйрықтары мен тапсырмаларын тиісті орындауын қамтамасыз ету; ведомствоаралық комиссия отырыстарына заң жобаларын қалыптастыру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру және құжаттар дайындау; жоғары тұрған мемлекеттік органдардан түсетін тапсырмаларды қарау және орындауды ұйымдастыру; заң жобаларының және өзге де нормативтік құқықтық актілер жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету; оларды келісу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен, Қазақстан Республикасының Парламентінен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан келіп түсетін құжаттардың уақтылы орындалуына бақылаудың жүзеге асырылуын ұйымдастыру; басшылықтың тапсырмасы бойынша Министрліктің құзыретіне кіретін құқықтық мәселелерді қарау кезінде мемлекеттік органдарда Министрліктің мүддесін білдіру; мемлекеттік органдар, халықаралық және өзге де ұйымдар өткізетін мәжілістерге, отырыстарға, семинарларға, конференцияларға қатысу; тиісті заң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалаудың ағымдағы және перспективті жұмыс жоспарларына қосу бойынша ұсыныстар дайындау және іс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін халықаралық стандарттарға сәйкес үйлестіру жөніндегі жұмысқа қатысу; Министрліктің қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша консультация беру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептер дайындауды қамтамасыз ету; Министрліктің регламентін және Министрліктегі құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың қағидаларын сақтау; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.06.2020
- г. Нур-Султан, пр. Мәңгілік ел 8, Дом министерств, 14 подъезд
-
74-13-88