Ел жастарын экстремистік және деструктивті діни ағымдарға тарту қаупін азайту мақсатында Жастар қозғалысының экстремизмге қарсы қызметін ұйымдастыру

Молодежное движение против экстремизма

Жастармен экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыс БҰҰ-ның Орталық Азиядағы терроризмге қарсы жаһандық стратегиясын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарының орталық тармақтарының бірі болып табылады.

Жобаның басты тұжырымдамалық нотасы жастар ортасында "тең – теңімен" қағидасы бойынша діни экстремизм мен деструктивті діни ықпалға қарсы алдын алу іс-шараларын өткізу үшін жас мамандар қатарынан кәсіби спикерлерді дайындау болып табылады.

2019 жылғы 23 қазан мен 5 қараша аралығында Ақтөбе, БҚО, Қарағанды облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында 2 күндік оқыту семинарлары өтті.

Әр өңірде 80-нен астам адам қатысты (жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары, орта-арнайы оқу орындарының оқушылары, аймақтық жастар және волонтерлік ұйымдардың өкілдері қатысты).

Спикерлер ретінде Қазақстанға танымал блогер Яков Федоров, «Бізбен бірге» ҚҚ басқарма төрағасы Уәлихан Тұрарбекұлы, сондай-ақ «Қазақстан дінтанушылар конгресінің» ҚБ жетекші сарапшысы Мейрам Иманбаев сөз сөйледі.

Өңірлерде өткізілген семинарлардың жалғасы ретінде «QAZAQSTAN WITHOUT EXTREMISM!» республикалық акциясы бастау алды және  өңірлік белсенді жастар арасында 3 номинация бойынша байқау жарияланды:«Әлеуметтік желілердегі үздік пост-жарияланым»; «Діни экстремизмге қарсы әрекет бойынша үздік креативті акция»;  «Еріктілер қозғалысының үздік ұйымдастырушысы».

2018 жылдың 22 қарашасында республикалық конкурс қорытындыланып жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Семинарларды «24 хабар»,  «Life09», «ТДК-42», «Toppress.kz», «Nurtv.kz», «Кazislam.kz» «Назар аударыңыз конкурс!» «Аbai.kz», «Аrasha.kz», «Егемен Қазақстан» газеті, «Түркістан» газеті, «Индустриальная Караганда» газеті және танымал әлеуметтік желілерде ақпараттық жариялау ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Facebook, Instagram, "ВКонтакте" сияқты танымал әлеуметтік желілерде беттер жасалған, онда жас мамандар діни экстремизмге қарсы әрекет ету бойынша жұмыс тәжірибесімен және жетістіктерімен бөлісетін болады (https://m.facebook.com/Stop-Extremism-Kz-04284027671918/?ref=bookmarks,https://m.vk.com/public187943037?from=groups,https://instagram.com/stopextremismkz?igshid=z7p04sj7ktdn).