«Қазақстан Республикасындағы діни ахуал туралы» және «Қазақстан халқының дін саласындағы мемлекеттік саясатты бағалауы» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеулер
Әлеуметтік зерттеулер
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты, мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды одан әрі дамыту бойынша тиімді шараларды зерделеу және әзірлеу, оның ішінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл және халықтың оларға иммунитетін қалыптастыру саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу мақсатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті жыл сайын дін саласында әлеуметтік зерттеулер жүргізеді.
Осы ретте, 2019 жылы «Қазақстан Республикасындағы діни ахуал туралы» және «Қазақстан халқының дін саласындағы мемлекеттік саясатты бағалауы» тақырыбындағы 2 әлеуметтік зерттеу жүргізілді.
Бұл зерттеулер дін саласындағы өзекті проблемаларды, оның ішінде бірқатар құралдарды пайдалана отырып, зерттеуге бағытталған.
Бүгінгі таңда 18 конфессияға тиесілі 3796 діни ұйым тіркелген, 2664 ислам, 342 православ, 86 католик, 591 протестант,
60 Ехоба куәгері, 24 жаңа апостолдық шіркеу, 11 Кришна санасы қоғамы, 7 иудаизм, 6 Бахаи қоғамы, 2 буддистік, 2 Иса Мәсіхтің соңғы күнгі әулиелер шіркеуі (мормондар), 1 Бірігу шіркеуі (муниттер).
2019 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, халықтың 92,8% - ы өздерін дінге сенушілер деп санайды. Алайда, Солтүстік Қазақстан (59,8%), Шығыс Қазақстан (52,5%) және Павлодар (44,5%) облыстарында дінге сенушілер санының төмендеуі байқалады. Елімізде халықтың басым көпшілігі ислам (70,2%) және православ (26%) дінін ұстанады.
2019 жылғы дін саласында жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша халықтың 89,5%-ы дін саласында мемлекеттік саясатты қолдайтынын атап өтті. Халықтың 63,04%-ы мемлекеттің дамуында зайырлы принциптерін қолдайды. Өңірлерде халықтың 76,9%-ы діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстар туралы ақпараттандырылды.
Үш өлшемнің қорытындысы бойынша елдегі діни ахуалды респонденттердің 83% «қолайлы» және «жақсы» деп бағалады: 2 - тоқсанда бұл көрсеткіш 92,4%, 3 – тоқсанда - 75,5%, 4-тоқсанда - 81,2% құрады (1 сурет).
1-сурет. Сіз жалпы Қазақстандағы және облыстағы діни жағдайды қалай бағалайсыз?
Қазақстандық қоғамның діндардық деңгейі халықтың тәжірибелі үлесін ғана емес, сондай-ақ дін мәселесінде әртүрлі мәнмәтіндегі жаңалықтарды қабылдауынан бастап, тұрмыстық жанжалдарға дейін сезімтал болуы ықтимал адамдардың үлесін айқындауды анықтауға мүмкіндік береді.
Ол үшін сауалнамада діни, этникалық, өңірлік бірегейлікті, сондай-ақ діни тәжірибелердің сипатын анықтау мәселелері қарастырылды (2 сурет).
2-сурет Сіз өзіңізді дінге сенетін адам ретінде санайсыз ба?
Діни киімдер киген, оның ішінде хиджаб кигендерге біздің қоғамымызда яғни респонденттердің жартысынан көбісінде оң көзқарастар қалыптасып келе жатыр.
Мәселен, «Дұрыс қараймын, мен дінге сенушілердің сезімін құрметтеймін» деп жауап берген адамдар саны бойынша басым болды (2–тоқсанда - 48,3%, 3-тоқсанда-35,1%, 4-тоқсан – 38,4%) құрайды.
Сонымен қатар, 4-тоқсанда діни киім кигендерге теріс қарайтын адамдар саны артып келе жатқаны байқалады (3 сурет).
3 сурет Сізге кейбір мұсылмандардың өздерінің діни белгісін айқындау үшін киім (хиджаб, никаб және т.б.) және түрлі бұйымдар тағып жүргені ұнайды ма?
Осылайша, үшінші тоқсанда пікірлері топтастырылған төрт топ маңызды болып отыр. Діни киімді қабылдайтындар тобы, осы мәселеге бейтарап қарайтындар тобы және осындай стильдегі киімге қарсы болғандар, сондай-ақ біздің қоғамның осындай көріністері туралы ойламағандар тобы (4 сурет).
4 сурет. Сізге кейбір мұсылмандардың өздерінің діни белгісін айқындау үшін киім (хиджаб, никаб және т.б.) және түрлі бұйымдар тағып жүргені ұнайды ма? (өңірлер бойынша)
Бүгінгі күні интернет – ел арасында сұранысқа ие ақпараттың қолжетімді көзі болып табылады. Яғни бірінші кезекте ақпаратты интернеттен алады.
Ал, халықтың 12,1% - ы ұялы байланыс және интернетке қол жеткізу жерлері нашар дамыған ауылдық жерлерде, дін мәселелері туралы ақпаратты теледидардан алады. Екінші тоқсан 27,2%, және 3-тоқсан 15% - дан төмендеді (5 сурет).
5 сурет. Діни сұрақтарыңыз бойынша мәліметтерді ең алдымен қандай ақпарат көздерінен аласыз?
Келесі сауалнама бойынша респонденттердің басым көпшілігі діни себептер бойынша құқықтық шектеулерге тап болған жоқ.
Жауаптардың қорытындысы «жоқ, сезінбеймін» және «дұрысы сезінбеймін» деген 2-тоқсан жауаптың қорытындысы 89,1%, 3 тоқсан – 85,8% - ды, 4 тоқсанда - 92,4% - ды құрады.
Діни уәждемелері бойынша өзінің құқықтарына қысым жасалғандардың үлесі алдыңғы өлшеммен салысытырғанда төмендеді: 2-тоқсанда – 7,6%, 3-тоқсанда – 14,2%, 4 - тоқсанда – 10,9% (6 сурет).
6 сурет. Сіз діни себептерге байланысты өз құқығыңыздың шектеліп жатқанын сезінесіз бе?
Дін саласындағы заңнама Қазақстан Республикасының аумағында азаматтар мен діни ұйымдардың құқықтық жауапкершілігін реттейді.
Бұл заңмен адамдар күнделікті өмірде жиі кездесе бермейді, алайда зерттеу барысында азаматтардың діни қызметті мемлекеттік реттеу және мемлекеттің зайырлы құрылымының принциптерін қаншалықты жақсы түсінетінін зерттеу маңызды. Құқықтық мемлекетте азаматтардың заңның негізгі ережелері туралы түсінігі болуы қажет.
Сондықтан респонденттерге: «Қазақстанда дін саласын реттейтін қандай заңдарды білесіз?» сұрақтары қойылды.
4 тоқсанның нәтижелері бойынша респонденттердің жартысынан астамы (53%) осындай заңның бар екендігі туралы біледі, алайда жеткілікті ақпарат жоқ.
Бірақ кейбір азаматтар бұндай заңның бар екенін және таныс екенін айтты: 2-тоқсанда - 13,4%, 3-тоқсанда - 10,5%, 4-тоқсанда - 16%. Сұралған қазақстандықтардың төрттен бірі (23-27,6%) бұл заңды білмейді (7 сурет).
7 сурет. Сіз Қазақстандағы діни саланы реттейтін заңдарды білесіз бе?
Өңірлерде заңды білуде Ақмола (82,6%), Ақтөбе (25,8%), Қызылорда (22,1%) облыстарының респонденттері азаматтық-құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетті.
Сұрағандардың көбісі қажетті ақпаратқа ие, бірақ толық емес ақпарат олар Шымкент (62,5%) және Алматы (61,8%) қалалары, Ақтөбе (67,8%), Батыс Қазақстан (65,3%), Түкістан (64,9%) облыстары (1 кесте).
1 кесте. Сіз Қазақстандағы дін саласын реттейтін заңдарды білесіз бе?
Зерттеу шеңберінде қоғамда радикалды идеологияның таралу себептері анықталды.
Осы тұрғыда респонденттерге сұрақ қойылды: «Қазақстандағы діни экстремизм идеяларының таралуының негізгі себептері қандай?».
Респонденттердің көрсетілген себептерін әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси үш топқа бөлуге болады. Респонденттердің мәліметтері бойынша Қазақстандағы діни экстремизм идеяларының таралуының негізгі себептері әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелер қиындыққа әкеліп туғызады.
Осы ретте, респонденттердің үштен бір бөлігі негізгі себеп ретінде «Тұрғындардың әл-ауқатының нашарлауы»: 2-тоқсанда - 28,9%, 3-тоқсанда – 33 %, 4-тоқсанда - 26% (8 сурет).
8 сурет. Қазақстанда діни экстремизм идеяларының таралуының негізгі себептері неде деп ойлайсыз? (%)
4-тоқсанда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың жұмыстары бойынша тиімділік рейтингі («тиімді» және «жоққа дерлік тиімді» жауаптар) мынадай түрде көрінеді (9 сурет).
- Ұлттық қауіпсіздік комитеті –77%;
- Ішкі істер министрлігі – 64%;
- Қалалық, аудандық әкімдіктер – 59%;
- Бас прокуратура – 56%;
- Облыстық әкімдіктер – 51%;
- Білім және ғылым министрлігі – 50%;
- Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі – 40%.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігіне берілген бағаның орташа деңгейі – 56,7%.
9 сурет. Қазақстандағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша келесі мемлекеттік органдардың жұмысына қандай баға берер едіңіз?
Сауалнамаға қатысушыларды әртүрлі әлеуметтік топтар арасында деструктивті діни ағымдардың таралуы туралы ойлайтындар пікір білдіруді өтінді.
Респонденттің екіден бірі деструктивті діни ағымдар бірінші кезекте жастар арасында тез таралатыны туралы атап айтты (2-тоқсанда 45,7%, 3-тоқсанда 53%, 4-тоқсанда – 50,4%).
Ал, респонденттердің үштен бір бөлігі (2 - тоқсан – 40,4%, 3 - тоқсан – 30%, 4 - тоқсан – 37,8%) деструктивті діни ағымдардың таралуы жұмыссыздар арасында болады. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысушылардың әрбір оннан астамы этноконфессиялық аспектіге тоқталып, бұл құбылыстың қазақ этносының өкілдері арасында жиі таралатынын атап өтті (10 сурет).
10 сурет. Дәстүрлі емес діни ағымдар қандай топтар арасында таралады? (%)
Респонденттер үшін дін мәселелері туралы ең танымал ақпарат көзі интернет болып табылады. Өз кезегінде, ұялы байланыс нашар дамыған ауылдық жерлерде маңызды ақпарат көздерінің бірі теледидар болып табылады.
Осыған байланысты, өзекті діни мәселелерге байланысты ақпарат тарату үшін интернет желісі санын, онлайн-алаңдарында сапалы постерлерді және қысқа бейнероликтер, әсіресе, кең ауқымды интернет-ресурстарды пайдаланудың әр түрлі санаттағы жастар арасында көп көңіл бөліп тарату қажет.
Қазақстанда діни экстремизм идеяларының таралуының негізгі себептері әлеуметтік-экономикалық сипаттағы проблемаларымен анықталады.
Аталмыш зерттеулердің нәтижелері мен ұсынымдары діни саладағы қызметтер бойынша бөлек бағыттарын әрі қарай дамыту үшін, соның ішінде әр жерде нақты жұмыстар жүргізу үшін пайдаланылады.