Кеңес Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Кеңес қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету, қоғамдағы рухани келісімді нығайту, конфессияаралық қатынастарды үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.