"Астана" медресе колледжі

 

Оқу орнының толық атауы және орналасқан жері: «Астана» медресе колледжі» жеке мекемесі, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 36.

Құрылған жылы: 2007ж.

Тіркеуші мекеме: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы № 45324-1901-У-е куәлігі 2015 жылы 7 желтоқсанда берілді, БСН 130140022723.

Лицензияны берген мекеме: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі.

Лицензия берілген күні: 2013ж.28.08., № 13013706.

Меншік түрі: жеке мекеме.

Байланыс телефоны: 8 70172 4458 44, факс 44 61 73, +77015520880

Электрондық пошта:

Материалдық-техникалық база: оқу корпусы 2 қабаттан тұрады. Құрылыс ауданы 706 шаршы метр.

Сонымен қатар кітапхана, жатақхана, асхана, оқу залы бар. Интернетке қосылған компьютерлік сынып, медициналық пункт жұмыс істейді.

Оқытушылар құрамы: медресе колледжде 14 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде «Әл-Азһар» университеті мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасындағы келісім бойынша 2 оқытушы, доктор дәрежесімен 2 оқытушы, магистр дәрежесімен 6 оқытушы және бакалавр дәрежесімен 6 оқытушы.

Оқытушылардың базалық білімі, мамандану дәрежесі орта діни оқу орнының, колледждің жүйелі діни білім беру талаптарына сәйкес келеді, оқытушылардың мамандығы оқитын пәндерге сәйкес келеді. Әр оқытушының жұмыс оқу бағдарламалары мен өз пәндері бойынша дербес жұмыс жоспарлары бар.

Жалпы орта білім: 11-сыныпты аяқтаған ұл-абитуриенттерді қабылдайды. Медресе өз қызметін Жарғы негізінде жүргізеді. Білім беру қызметін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мамандықтар мен мамандықтар жіктеуіші» МК-2008 сәйкес медресе-колледжде кадрлар даярлау 0112013 – «Имам хатиб» мамандығы бойынша жүргізіледі.

0112000- «Исламтану» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарлары бекітілді. Медресенің оқу жоспарларын ҚМДБ төрағасы, Бас муфтимен және ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры бекітеді.

Мемлекеттік стандарттарға сәйкес медресенің оқу жоспарына зайырлы пәндер енгізілген. Барлық пайдаланылған оқулықтар мен әдебиеттерді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бекітілген.

Оқу-өндірістік тәжірибе «Нұр-Астана» мешітінде өтуде.

Оқу мерзімі - 2 жыл 10 ай. Оқу жоспарына сәйкес білім алушылар лекцияларды тыңдайды, практикалық, зертханалық сабақтарға қатысады, өзіндік жұмыспен айналысады, курстық жұмыстарды, сынақтар мен емтихандарды тапсырады.

Қазіргі уақытта медреседе 107 оқушы білім алуда.

"Астана" медресе колледжі
Дата публикации
05 февраля 2020