
Оқу орнының толық атауы және орналасқан жері: «Мария-Шіркеудің Анасы» Епархияаралық Жоғары Рухани Семинариясы».
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, Шығыс – 3, 7/1.
Құрылған жылы: 1998ж.
Тіркеуші мекеме: 1999 жылы 12 ақпанда діни бірлестіктің алғашқы тіркелуі өткізілді. 2008 жылдың 25 ақпанында семинария әділет органында қайта тіркелді, тір. № 4076-1990-РО, БСН 990240001584.
Лицензияны берген мекеме: № 0137341 АБ сериясы, 2009 жылы
29 желтоқсан, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі.
Лицензия берілген күні: 2009ж.29.12.
Меншік түрі: жеке мекеме.
Байланыс телефоны:
Электрондық пошта:
Материалдық-техникалық база: семинарияның меншіктік құқығында әкімшілік-оқу ғимаратымен бірге тұрғын үй-жайлары бар, жалпы көлемі 2344,0 шаршы метр, сондай-ақ көлемі 1,0480 га. жер учаскесі бар.
Оқытушылар құрамы: семинарияда жоғары рухани білімі бар
30 оқытушы сабақ береді. Оқытушылардың базалық білімі, мамандану дәрежесі орта діни оқу орнының, колледждің жүйелі діни білім беру талаптарына сәйкес келеді, оқытушылардың мамандығы оқитын пәндерге сәйкес келеді. Әр оқытушының жұмыс оқу бағдарламалары мен өз пәндері бойынша дербес жұмыс жоспарлары бар.
Жалпы орта білім: семинария католиктік дін қызметкерлерін дайындайды.
Қазіргі уақытта семинарияда 8 оқушы, оның ішінде 6-ы жақын шетелдерден (Грузия – 4, Армения – 2) оқиды.