Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Дін саласы

 

1. Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер туралы

2024 жылдың 4 тоқсаны бойынша ел аумағында 18 конфессияны қамтитын 3999 діни бірлестік тіркелген (2858 - исламдық, 347 - православтық, 91 - католиктік, 592 – протестант, 57 - Ехоба куәгерлері, 23 - Жаңа апостолдық шіркеу, 13 - Кришна санасы қоғамы, 7 – иудаизм, 6 - бахаи, 2 - буддизм, 2 - соңғы күнгі әулиелер Иса Мәсіхтің шіркеуі (мормондар), 1 – муниттер).

Жалпы ғибадат үйлер саны – 3788 (2857 - мешіт, 302 - православ шіркеуі, 116 - католик шіркеуі, 421 - протестанттық ғибадат үйі, 55 - Ехоба куәгерлерінің ғибадат үйі, 25 - Жаңа Апостол шіркеуінің үйі, 6 - синагога, 3 - Кришна санасы қоғамы, 2 - Бахаи ғибадат үйі, 1 - буддисттік ғибадатхана).

 

2. Қазақстан Республикасындағы миссионерлер туралы

Елімізде ресми 452 миссионер тіркелген, олардың 417 - шетелдіктер, 35 - Қазақстан Республикасының азаматтары (cенімдер контексінде:  католиктер - 244, елуінші күн шіркеуі - 70, Кришна санасы қоғамы - 40, мормондар – 31, пресвитериандық шіркеу - 24, православтар - 20, баптистер - 5, Жаңа апостолдық шіркеу - 7, Ехоба куәгерлері – 4, Жетінші күн адвентистері - 3, иудаизм – 2, лютерандық – 1, буддизм - 1).

 

3. Дін саласындағы құқық бұзушылықтар туралы

2024 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша діни қызмет саласында 60 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталған, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453, 489-баптары бойынша құқық қорғау органдары және өңірлік Дін істері басқармаларымен 19 факт анықталды.

Бүгінгі күні уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметі, ең алдымен, әкімшілік шараларды барынша азайта отырып, алдын алу-профилактикалық және түсіндіру жұмыстарына шоғырландырылған.

 

4. Өңірлердегі АТТ жұмысы туралы

Дін мәселелері бойынша құрамында 2739 маманы бар 236 өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс атқарады.

Жыл басынан бастап АТТ дәріскерлері 2 млн 649 тыс. астам адамның қамтылуымен шамамен 65 мың іс–шара өткізілді.

АТТ қызметі ең алдымен халықтың мақсатты санаттарына жастар, сенушілер, жұмыссыздар, сотталғандар және олардың отбасы мүшелері, жеке кәсіп орындардың қызметкерлері, сауда, қызмет көрсету және т.б. бағытталған.

 

5. Қазақстан Республикасындағы дінтану сараптамасы туралы

2024 жылғы 4 тоқсанда дінтану сараптамасы жүргізілген 1474 материалдың 886 – оң, 233 – теріс қорытынды берілді. Сондай-ақ, 355 материал діни емес, шет тілдерінде және ақаулы екендігі анықталды.

561 интернет-ресурстың мазмұны талданды, олардың ішінен құқыққа қарсы сипаттағы материалдарды қамтитын 159 интернет-ресурс сілтемесі анықталды.

 

6. ҚазақстанРеспубликасындағы діни оқу орындары туралы

2024 жылғы 4 тоқсандағы жағдай бойынша елімізде 14 рухани оқу орны бар. Ондағы студенттердің жалпы саны - 5617 адам.

Анықтама ретінде: Исламдық бағыт - 12 («Нұр-Мүбарак» университеті - 1, медресе колледжі - 9, ҚМДБ жанындағы Имамдардың біліктілігін арттыру ислам институты - 1, ҚМДБ қарасты Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институты - 1).

Христиандық бағыт - 2 (Алматы Православиелік рухани семинария және Қарағандыдағы Жоғарғы епархияаралық «Мария – Шіркеудің Анасы» рухани Семинариясы).

 

Документы
Ақпарат
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті
ҚР МАМ Дін істері комитетінің Діни білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл басқармасы
Тіркелген рухани (діни) білім беру ұйымдарының тізбесі (2026 ж. 3 тоқсан)
Ақпарат
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті
ҚР МАМ Дін істері комитетінің Дінтану сараптамасы басқармасы
Дінтану сараптамасы нәтижелері бойынша оң қорытынды алған әдебиеттер тізімі (2026 ж. 3 тоқсан)
Ақпарат
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті
ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасы
ҚР МАМ Дін істері комитетінің Христиандық және басқа діни бірлестіктермен байланыстар басқармасы
Өңірлік жұмыс және ішкі үйлестіру басқармасы
Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік діни бірлестіктердің тізбесі (2026 ж. 3 тоқсан)
Новости
Полезные материалы
Павлодар облысындағы АҚДМ Стратегиялық сессиясындағы Дін істері комитеті төрағасының орынбасары А. Хатиевтің баяндама тезистері
2021 жылғы 29 сәуірде өткен облыстардың және Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктерімен селекторлық кеңестегі Дін істері комитетінің төрағасы Е. Нүкежановтың баяндама тезистері
Түркия Республикасы Дін істері басқармасымен (Диянет) Стратегиялық сессиясындағы Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Б. Бәкіровтің баяндама тезистері
Медиагалерея
1
Дін саласындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Алматыда
0
Дін саласындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Өскеменде
События
06 октября
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХІХ отырысы
18 июля
Діни сенім бостандығын ілгерілету жөніндегі екінші министрлік конференция
19 июля
Ержан Нүкежанов Қазақстан Православиелік жастарының VIII съезіне қатысты
Реализуемые проекты
«Қазақстан Республикасындағы діни ахуал туралы» және «Қазақстан халқының дін саласындағы мемлекеттік саясатты бағалауы» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеулер
Перейти
Ел жастарын экстремистік және деструктивті діни ағымдарға тарту қаупін азайту мақсатында Жастар қозғалысының экстремизмге қарсы қызметін ұйымдастыру
Перейти
Услуги
Организации
«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталық» КЕАҚ
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру басқармасы
Интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасы
Часто задаваемые вопросы
Шетелдік азаматтарды елімізге миссионерлік қызметті орындауға шақыру үшін қандай шарттар қойылады?

ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес шетелдік азаматтарды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға шақырмас бұрын, миссионер өкілдiк ететін дiни бiрлестiктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тiркелгендігін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаты, сонымен қатар қажеттілігіне қарай азаматтарды елімізде тіркелген діни бірлестіктердің арнайы шақыруы болу шарттары көрсетілгендігін мәлімдейміз.

Мешіттердегі имамдарды қызметке тағайындау және жұмысынан босату, жаза беру немесе басқа өңірге ауыстыру шаралары қандай мемлекеттік органның құзіретіне жатады?

 «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген. Діни бірлестіктердің қызметі заңға қайшы келмеген жағдайда, мемлекет діни бірлестіктердің қызметіне араласпайтындығы көрсетілген.

Осы орайда, мешіт имамдарын қызметке тағайындау, ескерту, сөгіс жариялау, оларды орнында қалдыру және қызметінен босату мәселелері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфтидің тікелей  құзыретіне жататындығын мәлімдейміз.

Қазақстанда мектептерде діни киім кию мәселесі өзекті болып тұр. Заңда оны киюге тыйым салынады, бұл діндар азаматтардың құқығын бұзу емес пе немесе қандай да бір жеңілдік бола ма?

Біріншіден, қоғамдағы міндетті мектеп формасын сақтауға қатысты мемлекеттің заңнамалық нормаларына тоқталған жөн. Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабына сәйкес «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар». Бұл ретте, осы бапта жазылғандай, «Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс».

Конституциялық және өзге де заңнамалық нормаларға сүйене отырып, «Білім туралы» Заң осы саладағы тиісті құқықтық қатынастарды анықтайды. Атап айтқанда, «Білім туралы» Заңның 47 және 49 баптары оқушылардың мектеп формасын міндетті түрде сақтауын және ата-аналардың мектеп формасын сақтауды қамтамасыз ету міндетін бекітеді.

Осыған орай, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы» бұйрығы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес әзірленген.

Сондықтан бұл сенушілердің құқықтарын бұзу болып табылмайды.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы