Шығыс Қазақстан облысының аумағына Ресей Федерациясымен
мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы келетін тұлғаларға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және
санитариялық-профилактикалық іс-шараларын жүргізу туралы
№ 4
ҚАУЛЫ
2020 жылғы 29 сәуір Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары М.А. Исмаилов,
құжаттарды қарап және облыс халқы арасында коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайды, Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерінің халқы арасында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуін, мемлекеттік шекарадан өтетін тұлғаларды жедел тестілеудің оң нәтижелерінің көбеюін, Өскемен және Семей қалаларында тұрақты авиарейстердің ашылуын зерделеп, Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында СОVІD-19 туындаған коронавирустық инфекцияның таралуына ықтимал қауіп-қатердің болуын және автоөтпелерде, темір жолда және әуежайларда мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы облыс аумағына келетін тұлғаларға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық- профилактикалық іс-шараларды өткізу қажеттілігін анықтадым.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13-тармағының 4) тармақшасы, ««Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі №32-ПГВр қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында СОVІD-19 туындаған коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны «Ауыл» және «Уба» өткізу пункттерінде өтетін барлық тұлғалардың жедел тестілеуден өтуін қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; локомотив бригадаларының мүшелерін, авиакомпаниялар ұшқыштарын, теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды және жүктерді, транзиттік жолаушыларды халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерді қоспағанда,
алған талдау нәтижелеріне қарамастан барлық тұлғалар медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілері базасында тұрғылықты жері бойынша СОVID-19-ға ПТР әдісімен қосымша тексеруге жатады.
Шығыс Қазақстан облысында тұратын және Ресей Федерациясынан халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілері базасында екі аптада бір рет тұрғылықты жері бойынша ПТР әдісімен тексеруден өтеді;
2) тексеру нәтижелері теріс болған кезде тізімдерді, сауалнамалар мен қолхаттарды тұратын (болатын) жері бойынша үй карантинін одан әрі ұйымдастыру (медициналық бақылау жүргізу) үшін тексерілген тұлғаның болатын жері бойынша медициналық мекемелерге қоңырау шалу арқылы жіберсін (мүмкін болған жағдайда бейне қоңырау шалу арқылы).
Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде тексерілген тұлға жергілікті атқарушы органдар белгілеген үй - жайларда оқшаулауға жатады;
3) биоматериал сынамаларын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі №684 бұйрығымен бекітілген «Әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптаманың талаптарын сақтай отырып, Өскемен қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 17 мекенжайы бойынша орналасқан «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының зертханасына тасымалдасын;
4) карантиндік стационарда CОVІD-19 туындаған коронавирустық инфекцияның ауруханаішілік таралуына жол бермеу бойынша санитариялық-дезинфекциялық және эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтауды, сондай-ақ медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауды, тасымалдауды, сақтауды, залалсыздандыруды және кәдеге жаратуды «Карантиндік шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №33-ПГВр қаулысының 1-қосымшасына сәйкес қамтамасыз етсін;
5) карантиндік стационар қызметкерлерінің арасында ауруға жол бермеу мақсатында «Карантиндік шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №33-ПГВр қаулысының 2-қосымшасына сәйкес жеке қорғаныш құралдарын және биологиялық қорғаныш костюмдерін кию ережелерін қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес 4 - 17 мамыр аралығында Өскемен және Семей қалаларының әуежайларына Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан ішкі рейстермен келетін барлық жолаушыларды жедел тестілеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
2) зерттеу үшін биоматериал сынамаларын іріктеуді эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, медицина қызметкері жүргізеді. Материалды жинау кезінде жеке қорғаныш құралдары қолданылады;
3) коронавирустық инфекцияға жедел тестілеудің оң нәтижесін алған жолаушылар ПТР әдісімен тексеруден өту үшін барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, карантиндік стационарға жіберіледі. Осы тұлғалар ПТР тест нәтижелерін алғанға дейін карантиндік стационарда болады.
1) Ресей Федерациясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріне шетелден келетін барлық тұлғалардың (оның ішінде ұшқыштардың, бортсеріктердің, машинистердің, жолсеріктердің, жүргізушілердің, тасымалдаушылардың және басқалардың) міндетті термометриясымен санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді жалғастырсын;
2) әрбір сауалнамадан өткен тұлға туралы ақпаратты рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына енгізуді, сондай-ақ оқшаулау режиміне бірлескен бақылауды ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруді қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жолаушыларға, экипаж мүшелеріне, бортсеріктерге, машинистерге және жолсеріктерге әуежайларда, темір жол көлігінде және автоөтпелерде сауалнама жүргізсін;
3) тасымалдаушылар мен жолаушылар арасында КВИ таралуының алдын алу және ескерту бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізсін, оның ішінде жадынамаларды таратсын;
4) мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің қызметкерлеріне коронавирустық инфекцияның алдын алу мәселелері бойынша нұсқама жүргізсін;
5) Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен тұлғаларға күнделікті мониторинг жүргізсін.
1) карантиндеу орындарын қорғауды қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес карантин режимін және осы қаулыда белгіленген талаптарды бұзған адамдарға шаралар қолдансын.
1) Шығыс Қазақстан облысында тұратын және Ресей Федерациясынан «Ауыл» және «Уба» өткізу пункттері арқылы халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын барлық жүргізушілердің аты-жөнін көрсете отырып тізімін қалыптастырсын;
2) жүргізушілердің өзін-өзі оқшаулау ережелерін сақтауын бақылауды ұйымдастырсын. Олардың денсаулық жағдайына медициналық бақылауды ұйымдастырып, байланыста болған адамдардың шеңберін анықтасын.
1) нақты байланыс деректерін (тұратын жері, телефоны және т. б.), Қазақстан Республикасының шекарасынан өткенге дейін соңғы 14 күн болған жерлер туралы деректерді (оның ішінде коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз аумақтарда), вирустық инфекция белгілері бар науқастармен байланыста болу фактілерін, денсаулық жағдайы туралы деректерді және т.б. көрсетуге;
2) үй карантині режимінің барлық кезеңінде болатын (тұратын) жерде болуға, үй карантиніндегі адамдарға арналған нұсқаулықты сақтауға, басқа адамдармен байланыста болған әрбір жағдай туралы хабарлауға;
3) күн сайын денсаулық жағдайына өзіне-өзі бақылау жүргізуге, вирустық инфекция симптомдары, дене қызуы, ентігу немесе жөтел болған жағдайда медициналық қызметкерді тұратын жері бойынша дереу хабардар етуге;
4) маскалық режимді және бір-бірінен кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауға;
5) жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда аудио, фото және бейне түсірілімдер жүргізбеуге міндетті.
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің орынбасары __________________М. Исмаилов
(тегі, аты, әкесінің аты, қолы))
Қаулыны алды _____________________________________________________
__________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, алған күні, қолы)
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының
2020 жылғы 29 сәуірдегі
№ 4 қаулысына қосымша
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан тұрақты рейстермен келген түлғалар үшін жедел тестілеу өткізу
алгоритмі
|
ПТР тестілеудің бар болуы міндетті |
|
медициналық қызметкердің тексеруі |
|
Жолаушылар өз жүгін алып, терминалдан шығады |
|
теріс нәтиже |
|
оң нәтиже |
|
Жедел тестілеу |
|
МСАК қызметінің үйде ПТР-ға биоматериал ала отырып, үй карантині |
|
ПТР-ға биоматериал ала отырып, провизорлық стационарға жатқызу |
|
ауру белгілері жоқ |
|
ЖРВИ белгілері, температураның көтерілуі |
|
Талдау нәтижесі |
|
ПТР ( - ) МСАК динамикалық бақылау |
|
ПТР ( + ) инфекциялық стационарға ауыстыру |