Меню

Страницы

Статья

Что мы должны знать об аскаридозе!

Аскаридоз (ascarіdosіs) бөсір — адам мен жануарлар денесінде тіршілік ететін жұмыр құрттардан (нематодтардан) пайда болатын ауру. Қоздырғышы — Ascarіs lumbrіcoіdes. Ол адам денесінде жұптасып өмір сүреді. Жұмыртқасы нәжіспен сыртқа шығады, бірақ 14 күнге дейін топырақта тіршілігін сақтайды. Жуылмаған көкөністерді, жеміс-жидектерді жегенде, қайнатылмаған суды ішкенде құрттар адам денесіне түсіп, ауру туғызады. Әсіресе аскаридозбен балалар көп ауырады.

Паразит денеге енгеннен кейін алғашқы симптоматикалық көріністері байқалғанға дейін 1-2 ай өтеді. 2 айдан кейін бүкіл денеге таралу кезеңі ешқандай көріністерсіз өтеді, өйткені бұл уақытта ауру аллергияға, пневмонияға, бронх демікпесіне ұқсайды.

Аурудың алғашқы және асқынған кезеңдері болады.

Аскаридоздың алғашқы кезеңінде дене қызуы 37,50С көтеріліп, жөтеледі, кейде кеңірдек-өкпе қабынулары, сирек болса да аяқ-қол басында қызарған бөртпелер пайда болады.

Аскаридоздың асқынған кезеңінде тәңертеңгілік жүрегі айнып құсады, іші өтеді. Кейде іші қатады, ішектері қатты ауырып түйіледі, денесін аллергиялық бөртпелер басып, демігеді. Аскаридозды серологиялық реакциялар, рентген талдауларын қолдану арқылы анықтайды.

Аскаридоздың алдын алу іс шаралары инфекция ошағына және емдеуге, топырақты нәжіспен ластанудан қорғауға негізделген. Сонымен қатар халық арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жандандыруға бағытталады:

Гигиеналық шаралар:

- қолды үнемі жуу, көкөністер мен жемістер мен көкөністерді мұқият жуу;

- тырнақтарды тістеу және саусақтарды ауызға салу әдетінен арылу;

- қайнатылмаған суды ішуден бас тарту;

- балалар алаңдары күн шуақты жерделерде орнатылуы тиіс;

- топыраққа тыңайтқыш түрінде жануарладың нәжістерін пайдаланудан аулақ болу;

- көшедегі дәретханалар мен жануарлардың нәжісін үнемі тазарту;

Аскаридозбен ауырған жағдайда инфекционист дәрігеріне қаралып, тиісті ем-шараларын уақытылы алыңыз!

 

Дата публикации
23 июля 2021
Дата обновления
23 июля 2021
Тип
Полезная информация

Сейчас читают

Полезная информация
20 октября 2026
«Здоровый университет» и «Здоровый колледж»
Полезная информация
13 октября 2026
Чума
Полезная информация
13 октября 2026
Хантавирус

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы