Меню

Страницы

Статья

Демалыс орындарына арналған ұсыныстар

Жаз шыға мегаполисте шомылу маусымы басталды. Арнайы қауызы бар демалыс аймақтарына барушылар көп. Осыған байланысты санитар дәрігерлер сақтық шараларын сақтау қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар көпшілік шомылатын орындарда инфекциялық және паразитарлық ауруларды жұқтыру қауіпі және тамақтан уланудың жағдайлары басым.  

            Жаз мезгіліндегі демалу барысында басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазір балалардың демалысқа шығу уақытымен қатар келуіне байланысты тамақтан уланудың алдын алу, басқада жұқпалы аурулардың алдын алуға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Қаладағы демалыс аймақтарын жүргізіп отырған кәсіпкерлерге санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтауларын Маусым біткенге дейін осы талаптарды толық сақтауларын сұранамыз.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары туралы бұйрығы негізінде қадағаланады,  осы қойылған талаптарға сәйкес, маусымдық бассейндерді су құбырынан келетін су болмаған жағдайда, жер үсті немесе жер асты көздерінен келетін сумен толтыруға болатыны көрсетілген.

Бассейндерде ерлер мен әйелдерге арналған шешіну-киіну орындары, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, ваннасы бар зал, персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар, спорт мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар, жинау мүкәммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған қоймалар, әкімшілік үй-жайлар, медициналық персоналға арналған кабинет болуы тиіс.

            Демалыс орындарының аумағында зақымданбаған қоршау болуы керек. Объектілерде тұрмыстық-ауыз су, ыстық сумен жабдықтау, канализация, жарықтандыру, желдету, жылытудың қамтамасыз етілуі жақсы жағдайда болуы керек. Барлық үй-жайлар таза болуы керек, күнделікті тазалау жуғыш және дезинфекциялық құралдарын қолдану арқылы жүргізілу керек. Дератизация және дезинсекция шаралары жүргізіледі және жәндіктердің, кенелердің, кеміргіштердің болуына жол берілмейді. Объектілердің жиһаздары мен жабдықтары балалардың өсу және жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.

 

Демалыс орындарда қауіпсіз тағамдармен қамтамасыз етуге міндетті:

- тамақтану ережелерін қатаң сақтаған жөн;

- шикі және пісірілген азық-түлікті бір-бірімен араластыруға болмайды; Өйткені, дұрыс пісірілген тамақ шикі тамақпен қосылу арқылы ластануы мүмкін.

- қолды жиі жуу және жеке бас гигиенасын сақтау өте маңызды;

- барлық санитарлық ережелерді қатаң сақтау қажет, оның ішінде ыдыс-аяқ пен едендерді зарарсыздандыруды қолдана отырып, пайдаланылатын мүкәммалды уақтылы ауыстыра отырып;

Сонымен қатар таза суды пайдалануға тырысу керек. Таза су ауыз су ретінде де, тамақ әзірлеу үшін де маңызды.

Жаз мезгілінде тез бұзылатын тағамдарды дұрыс сақтамаған жағдайда, төмендегі өнімдерден уланудың ықтимал қаупі бар:

  • сүт өнімдері (негізінен сүзбе және балмұздақ);
  • жұмыртқа;
  • балық өнімдері және теңіз өнімдері;
  • ет;
  • крем қосылған кондитерлік өнімдер;
  • дайын салаттар;
  • фаст фуд;
  • консервіленген өнімдер, әсіресе үйде жасалған.

Әрине, бұл балмұздақ немесе тәттілер міндетті түрде улануға әкеледі деп тыйым салуды білдірмейді. Дегенмен, сапалы аспен тамақтандыру, оның фаст-фудқа байланысты қалауларын құптай бермеу және салауатты үй тамағына үйрету маңызды.

Тамақтан уланудың белгілері:

  • Жүрек айну;
  • Қатты құсу;
  • Асқазанның бұзылуы;
  • Диарея (күніне бірнеше ретке дейін).

Тамақтан уланған кезде бірден емдеуге көшу керек, өйткені мұндай жағдайды назардан тыс қалдыру түрлі асқынуларға алып келеді. Тамақтан улану кезінде дереу дәрігерге бару керек!

Балалар мен ата-аналардың сау болуларын тілейміз!

Дата публикации
12 июня 2025
Дата обновления
13 июня 2025
Тип
Полезная информация

Сейчас читают

Полезная информация
20 октября 2026
«Здоровый университет» и «Здоровый колледж»
Полезная информация
13 октября 2026
Чума
Полезная информация
13 октября 2026
Хантавирус

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы