Меню

Страницы

Статья

МЕНИНГИТ ЖАЙЫНДА НЕ БІЛЕМІЗ

Менингит - әртүрлі клиникалық белгілермен сипатталатын, назофарингиттен менингококк сепсисіне және менингитке дейін, ми мен жұлын қабықтарының қабынуын тудыратын жедел инфекциялық ауру.

      Менингит көбіне қысқы мезгілде жиі кездеседі, қоздырғыштары сау адамға ауру адамнан жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлегенде ауа-тамшы жолы арқылы жұғады. Қоздырғыштар алдымен мұрын қуысында орналасады, соңынан қан және лимфа тамырлары арқылы ми қабықтарына қарай жылжып, миды зақымдайды. Ауру жедел басталып, дене қызуы (39 градустан жоғары) көтеріледі, бас ауру, тітіркенгіштік, аяқтарының ауруы, тамақ ішкеніне қарамастан құсудың пайда болуы, бас айналу, ұйқышылдық, үстінен басқан кезде жоғалмайтын гемморагиялық жұлдызша тәрізді бөртпелер, пайда болады

      Ал, кішкентай балаларда байқалатын белгілер - тамақтан бас тарту, толассыз жылауы, тыныс алу жетіспеушілігі, ұстамалар, басындағы үлкен еңбегінің ісініп солқылдауы, желке бұлшық еттерінің тырысуы.

      Егер менингитті уақытылы емдемесе, асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін – созылмалы бас ауруы, бас миының қабынуы, құлағының естімей қалуы, көздің қылилығы, ақыл – есінің кемістігі, миға су жиналып (гидроцефалия), өлім жағдайына дейін алып келеді.

Сондықтан менингиттің алдын алу шараларын сақтау қажет:

  • алғашқы белгілер пайда болған сәтте, әсіресе балаларда, үйде өзіндік ем  қабылдауға тыйым салынады;
  • салқын тиюден және дененің салқындануынан сақтану;
  • халық көп шоғырланатын жабық, ауасы алмаспайтын жерлерге баруды    шектеу;
  • жеке бас гигиенасын қатаң сақтау, тамақтану алдында қолды мұқият сабындап жуу;
  • үй-жайларды жиі желдету және күнделікті ылғалды жуып-тазалауды жүргізу;
  • мұрын-жұтқыншақтағы қабыну процесстерін уақытылы емдеп (бұзылған тістерін, құлағындағы, таңдайдағы, мұрын қуысындағы қабынуларды), алдын алу керек.

Менингит ауру өте қауіпті, әсіресе балалар үшін! 

Дәрігерге дер кезінде қаралып уақытылы ем қабылдаған жөн.

Балаларыңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда!

Дата публикации
23 апреля 2025
Дата обновления
21 мая 2025
Тип
Полезная информация

Сейчас читают

Полезная информация
20 октября 2026
«Здоровый университет» и «Здоровый колледж»
Полезная информация
13 октября 2026
Чума
Полезная информация
13 октября 2026
Хантавирус

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы