Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеу жүргізудің негізі: 2026 жылғы 09 ақпандағы №2 В05 жағдайына қатысты шұғыл хабарлама, «Ерсін Мұқашев атындағы ЖОББМ» КММ оқушысында
2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Май аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) қатысқан жоқ
4.Тергеу жүргізу мерзімі 2026 жылғы 09 ақпаннан бастап 2026 жылғы 27 ақпанға дейін
5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Ерсін Мұқашев атындағы ЖОББМ» КММ
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты
Ауру жұқтырған адам соңғы рет келген сәттен бастап байланыста болған тұлғаларға 21 күн бойы бақылау қамтамасыз етілді. Эпидемиологиялық тексеру кезеңінде мектепте жаңа жағдайлар тіркелген жоқ. Бұл жағдай объектімен байланысты емес. Заңнама бұзушылықтар анықталған жоқ
7.Халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңдытұлғалар – бұзушылықтар анықталған жоқ
8.Қабылданған шаралар: Басқармамен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды
10
05 наурыз 2026 16:14
05 наурыз 2026