Информация о результатах проведения расследования

Тергеу нәтижелері туралы ақпарат

 

 

  1. Тергеу жүргізудің негізі: Павлодар қ. тұрғынында «А23» МКБ жағдайы бойынша сағ.16.40-та келіп түсті 21.01.2026 жылғы 21 қаңтардағы шұғыл хабарлама
  2. Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  3. Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру): сарапшылар тартылған жоқ
  4. Тергеу жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 22 қантар мен 2026 жылғы 19 ақпан аралығында.
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:   Шаруа қожалығы,             Павлодар қ, Солтүстік өнеркәсіптік аймағы.

6.  Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: шаруа қожалығында ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шараларды жүргізу кезінде ІҚМ-мен байланысы бар адамдар тексерілді-4 адам, тексеру нәтижелері бойынша адамдардан материалды серологиялық зерттеудің 3 оң нәтижесі тіркелді. Жоғарыда аталған адамдар медициналық тексерусіз жұмысқа қабылданды және жыл сайынғы міндетті медициналық профилактикалық тексеруден өтпеді 9-тараудың 197-тармағының 1,2-тармақшасын бұзу. ҚР ДСМ-114 «Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар», 5-тармақтың 1-параграфы, 10-тармақтың 2-параграфы ҚР ДСМ м. а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы «Міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу қағидалары мен кезеңділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, орындалуы кезінде жұмысқа түсу кезінде алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулер және мерзімді міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін бекіту туралы алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту».

  1. Халықтыңсанитариялық–эпидемиологиялықсаламаттылығысаласындағынормативтікқұқықтықактілердіңталаптарынбұзуға жол берген жекежәне(немесе)заңдытұлғалар:жеке тұлға-шаруа қожалығын басқарушы.

8. Қабылданған шаралар:  ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу туралы қаулы берілді.

 

Дата публикации

25 февраля 2026 15:22

Дата обновления

25 февраля 2026