Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық

саламаттылығы саласында

тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша

 

                                      Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

1.Тергеу жүргізудің негізі: 09.01.2026 жылғы №1 шұғыл хабарлама, диагноз: А23.0

2.Тергеу жүргізген, бақылау-қадағалау органы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.

3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылған жоқ.

4.Тергеу жүргізу мерзімдері 2026 жылғы 12 қаңтардан бастап 2026 жылғы 09 ақпанға дейін.

5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Ақсу қ. қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК Сарышығанақ ауылының медициналық пункті.

6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Медицина қызметкерлері науқасқа шұғыл хабарламаны дер кезінде дайындамаған, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 26 қазандағы ДСМ-153/2020 бұйрығының 7 және 8 тармақтарын бұзу болып табылады.

«Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығының 9-тарауының 204-тармағына сәйкес байланыста болған адамдар бруцеллезге тексеруден өтпеген, клиникалық тексеру жүргізілмеген.

7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке тұлға (медбике).

8.Қабылданған шаралар: Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулысы, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен айыппұл салынды.

Жарияланған күні

13 ақпан 2026 16:44

Жаңарту күні

13 ақпан 2026