2025 жылғы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері
2025 жылғы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері
Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2025 жылға арналған санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері туралы хабарлайды.
Павлодар облысында ауыз сумен жабдықтау объектілеріне жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері бойынша 2024 жылмен салыстырғанда ауыз су сынамаларының сәйкес келмейтін үлес салмағының санитарлық-химиялық көрсеткіштері бойынша 1,2%-ға және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша 0,1%-ға төмендегені байқалады.
Ауыз судың сапасын жақсарту бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау үшін пайдаланушы ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдарға ақпарат жолданды. Ауыз сумен жабдықтау мәселелері бойынша аудандық және қалалық әкімдіктерде отырыстар өткізілді.
1 санаттағы (шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздері) және 2 санаттағы (елді мекендер шегіндегі демалыс орындары мен су қоймалары) су қоймаларынан 925 су сынамасы зерттелді, гигиеналық нормативтерге сәйкессіздіктер анықталған жоқ. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл шеңберінде Павлодар қаласының оңтүстік су тартуынан су сынамаларын кезектен тыс іріктеу жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша барлық сынамалар гигиеналық нормативтерге сәйкес келді.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг барысында бақылау нүктелерінен 3244 топырақ сынамасы алынды, іріктелген сынамалардың жалпы санынан гигиеналық нормативтерге 0,5% сәйкес келмеді. Тиісті емес сынамалардың нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдар хабардар етілді, профилактикалық іс-шаралар жүргізілді, балалар ойын алаңдарында құм ауыстырылды. Қайталанатын зерттеулердің нәтижелері гигиеналық нормативтерге сәйкес келді.
Радиациялық қауіпсіздік мониторингі жүргізілді, оның барысында 1603 сынама зерттелді, 23 178 өлшеу жүргізілді. Мониторинг нәтижелері бойынша рұқсат етілген деңгейден асып кету анықталған жоқ.
Облыстың елді мекендеріндегі электромагниттік өрістердің (ЭМӨ) деңгейлерін бақылау бөлігінде 3215 өлшеу жүргізілді; гигиеналық нормативтерден асып кетулер тіркелген жоқ.
15
11 ақпан 2026 17:03
11 ақпан 2026