Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 29.04.2025ж. №9,10 шұғыл хабарлама «Қызылша, нақты жағдай».
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) жоқ
  4. Тергеу-тексеру жүргізу 2025 жылғы 30 сәуірден 2025 жылғы 30 мамырға дейін.
  5. Тергеп тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар Мемлекеттік жеке немесе заңды тұлғаға тергеп тексеру жүргізілді Павлодар облысы білім басқармасы, Ақсу қаласы білім бөлімі «Қызылжар ауылының орта мектебі» КММ.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтар актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты:

-  жұқпалы аурумен (қызылшамен) ауыратын балалардың төсенішін ауыстыруды және жууды тексеруге мүмкіндік болмады, өйткені кір төсек жабдықтарын тапсыру журналы жүргізілмейді;

- дәретханалардағы қол жууға арналған ыдыстар (сұйық сабынмен) қамтамасыз етілмеген.

7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен жеке тұлға 

8.Қабылданған шаралар: Басқармамен санитариялық індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды

Жарияланған күні

02 маусым 2025 16:02

Жаңарту күні

02 маусым 2025