Мемлекеттік қызмет атқарумен байланысты шектеулер

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 6-тармағының 3) тармақшысына сәйкес мемлекеттік қызметшілер заңнамада белгіленген шектеулерді сақтауға және мүдделер қақтығысын болдырмауға міндетті. Мемлекеттік қызметтің миссиясын, мемлекеттік қызметшілердің ерекше құқықтық мәртебесін, олардың алдында тұрған міндеттердің ерекшелігін ескере отырып, мемлекет олар үшін мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету және берілген өкілеттіктерді теріс пайдалануға жол бермеу қажеттігіне негізделген тиісті шектеулерді заң жҥзінде айқындайды. Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер көзделген.

Атап айтқанда, мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметті жүзеге асыруға тыйым салу, материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау, жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметіне (жұмысына) жол бермеу және басқалар. Шектеулерді қабылдамау мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға немесе жұмыстан шығаруға әкеп соғады. Мемлекеттік қызметшінің шектеулерді сақтамауы тәртіптік теріс қылық ретінде қарастырады және оның салдары тиісті жазаға тартылады.

Кодекс мемлекеттік қызметшінің шектеулерді ерікті процесс ретінде, атап айтқанда, міндетті түрде ант беру арқылы қабылдауын айқындайды, яғни ол елдің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, халыққа адал және кәсіби қызмет етуге міндеттенеді. Мүдделер қақтығысы – мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері оның өз лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық.

Заңнамаға сәйкес, егер мүдделер қақтығысы болса, мемлекеттік қызметшіге лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыруға тыйым салынады және ол өзінің басшылығына хабарлау арқылы заңнамаға сәйкес мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша шаралар қабылдауға тиіс.

Жарияланған күні

19 шілде 2024 16:46

Жаңарту күні

19 шілде 2024