Анықтама РММ «Щербақты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының» қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша
Анықтама
РММ «Щербақты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының» қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша
Павлодар қ. 05.10.2026 жыл
Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) басшысының 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 23-36-1-03-217-ө «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығының негізінде жұмыс тобы 2025 жылғы 01 мамырдан 2026 жылғы 01 мамырға дейінгі кезеңде РММ «Щербақты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында» (бұдан әрі – Басқарма) жетекшілік ететін сала мәселелері бойынша тексеру жүргізді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау онлайн форматта жүргізілді.
Ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімі
Тексерілетін кезеңде: бақылау және қадағалау субъектісінің біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша 1 тексеру, 7 жоспардан тыс тексеру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында 22 тергеп-тексеру талданды.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілері анықталған жоқ.
Білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау
Elicense.kz ақпараттық жүйесінің талдауына сәйкес, тексерілетін кезеңде білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімі бойынша Басқарма 4 санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген, оның ішінде 1-еуі қайта ресімделген, 2 уәжді бас тарту берілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
Өткен кезеңде жеке/заңды тұлғалардың өтініштері негізінде 1 жоспардан тыс тексеру, алдын ала «Инфекциялық шығу тегі басқа және анықталмаған гастроэнтериттер мен колиттер» диагнозымен 7 жағдайдың тіркелуіне байланысты 1 тергеп-тексеру жүргізілді. Алдын ала диагноз алынып тасталып, түпкілікті диагноз қойылды.
Тексерулер жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілері анықталған жоқ.
Тамақтану объектілерін бақылау
Тамақтану объектілерін бақылау бөлімі бойынша Басқарма 2026 жылғы I жартыжылдыққа бекітілген тізімге сәйкес, Щербақты ауылы, М. Әлімбаев көшесі, 65 мекенжайындағы «Низкоцен» ЖШС шағын наубайханасына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді.
Объектіге бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: - эпидемиялық маңызы жоғары объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы; - зертханалық зерттеулердің сәйкессіздігі – фортификацияланған ұнның физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша ( «Снежинка» байытылған нан пісіруге арналған бидай ұны, жоғары сұрып) сынамадағы мырыш пен темір мөлшерінің төмен болуы. Сәйкессіздік фактілері бойынша Басқарма жедел ден қою шараларын қолданды және қаулылар шығарды:
- объектінің қызметіне тыйым салу туралы;
- жоғарыда көрсетілген өнімді айналымнан және өткізуден алып қою және кері қайтарып алу туралы.
Алайда, Басқарма көрсетілген қаулылардың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізбеген, бұл Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасының талаптарының бұзылғанын көрсетеді.
Көрсетілген мән-жайлар Басқарма мамандары тарапынан бұрын қолданылған жедел ден қою шараларының орындалуына бақылаудың жоқтығын көрсетеді.
Тексерілетін кезеңде «е-Өтініш» платформасы арқылы тамақ өнімдерінің сапасына қатысты өтініштер келіп түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету
«Elicense.kz» ақпараттық жүйесіне мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған өтініштер қаралмады.
Коммуналдық объектілерді бақылау
Тексерілетін кезеңде тексерулер тіркелген жоқ. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілері анықталған жоқ.
Өнеркәсіптік объектілерді бақылау
Тексерілетін кезеңде Басқарма РТО жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша 20 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Elicense.kz ақпараттық жүйесінің деректеріне жүргізілген талдау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері сақталған, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілері анықталған жоқ.
РММ «ҚР ДСМ СЭБК Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Щербақты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына» ұсынымдар:
- Мемлекеттік бақылау және қадағалауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыру;
- Жедел ден қою шараларын қолдану кезінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес олардың орындалуына тиісті бақылауды қамтамасыз ету.
- Анықталған бұзушылықтарды ұсынымдарға сәйкес жою бойынша Іс-шаралар жоспарын әзірлеу, 2026 жылғы 12 қазанға дейін Департаменттің персоналды басқару қызметіне ұсыну.
- Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты 2026 жылғы 26 қазанға дейін Департаменттің персоналды басқару қызметіне ұсыну.
2
07 қазан 2026 15:21
07 қазан 2026