Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеу нәтижелері туралы ақпарат 

1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 жылғы 21 мамырдағы №3415 шұғыл хабарлама, диагнозы: В05 коды.

    2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы - «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.

3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) - қатыстырылған жоқ.

4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі – 2026 жылғы 22 мамырдан  бастап 2026 жылғы 19 маусымға дейін.

5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар -

«Павлодар қаласының №121 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК, Павлодар қ.                        

6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты – 12 топтың  8 тобында  балаларды жоспарлы профилактикалық егумен қамтудың шекті деңгейі сақталмайды, бұл «Жоспарлы профилактикалық егулерді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидаларын және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-289/2020 бұйрығының 2-тарауының 8-тармағын бұзу болып табылады.

7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар – лауазымды тұлға.

8.Қабылданған шаралар - лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, бұзушылықты жою туралы ұйғарым шығарылды.

 

 

               

Жарияланған күні

23 маусым 2026 16:46

Жаңарту күні

23 маусым 2026