Тергеу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеу жүргізудің негізі: 2026 ж26.03. №2065 шұғыл хабарлама, диагноз: А23 коды.
  2. Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы: – «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ Павлодар облысы СЭБД ҚР ДСМ СЭБК.
  3. Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру): тартылған жоқ.
  4. Тергеу жүргізу мерзімі: 2026 ж. 27.03. бастап 2026 ж. 17.04. дейін.
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ШЖҚ КМК «Павлодар қаласының №3 емханасы» Павлодар қ, Украинская кошесі, 38/2.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: науқас клиникалық көріністер бейіні бойынша мамандарды (инфекционист, невропатолог, уролог, хирург) тарта отырып, бруцеллезге тексерілмеді, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығымен бекітілген «Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу талаптары» санитариялық қағидаларының 9-тарауы 202-тармағы талаптарын, бұзушылық болып табылады.
  7. Халықтың санитариялық– эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жеке тұлға (Жетекші ауылының учаскелік дәрігері).
  8. Қабылданған шаралар Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулысы, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен айыппұл салынды.
Жарияланған күні

22 сәуір 2026 08:24

Жаңарту күні

22 сәуір 2026