Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі - «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалының С.Сейфуллин атындағы емдеу сауықтыру шипажайдың қызметкерінде диагнозы А 16.0 «Оң жақ өкпенің инфильтративті туберкулезі МБТ-, жаңа жағдай» жұқпалы ауру туралы 2026 жылғы 23 ақпандағы № 4 жедел хабарлама.
2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы - Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің «Ақмола бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) - Тартылмады
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі – 26.02.2026 ж – 19.03.2026ж
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалының С.Сейфуллин атындағы емдеу сауықтыру шипажайы
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты - Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жоқ.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар - Бұзушылықтар анықталған жоқ
8. Қабылданған шаралар – тергеу барысында: 2026 жылғы 24 ақпанда санитариялық эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар туралы №3 қаулы берілді. Қаулыда көрсетілген барлық шаралар толығымен орындалды. Кәсіпорын қызметкерлеріне «Туберкулезді алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
14
02 апреля 2026 16:47
02 апреля 2026