Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық

дәрігердің кейбір шешімдеріне

өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 150-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының ішкі әуе рейстерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейту туралы» Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 2 қаулысына:

1, 2, 3-тармақтардағы:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жеке қорғану құралдары болған кезде қызметкерлерді жұмысқа жіберілсін;»;

1-тармағында:

4) тармақша алып тасталсын;;

4-тармақта:

2) тармақша алып тасталсын.

2) Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 3 «Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан  Қызылорда, Өскемен, Петропавл, Семей қалаларына және қайта тұрақты ішкі әуе рейстерін жаңарту кезінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1, 2, 3-тармақтардағы:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жеке қорғану құралдары болған кезде қызметкерлерді жұмысқа жіберілсін;»;

1 - тармағында:

4) тармақша алып тасталсын;

4 - тармақта:

2) тармақша алып тасталсын.

3) «Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Тараз, Талдықорған және Павлодар қалаларына және қайта тұрақты ішкі әуе рейстерін жаңарту кезінде санитариялық-карантиндік бақылау туралы» Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 7 мамырдағы № 6 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1, 2, 3 - тармақтардағы:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жеке қорғану құралдары болған кезде қызметкерлерді жұмысқа жіберілсін;»;

1 - тармағында:

4) тармақша алып тасталсын;;

4  - тармақта:

2) тармақша алып тасталсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары Б. С. Қалмағанбетовке жүктелсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Көліктегі Бас мемлекеттік

санитарлық дәрігер                                                          С. Байғабылов

docNumber

7

Жарияланған күні

11 мамыр 2020 00:00

Жаңарту күні

11 мамыр 2020

Түрі