Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеу жүргізудің негізі – Тамақ өнімдерінің үлгілерін зерттеу 2025 жылғы 11 наурыздағы № 2250000004248662 зерттеу хаттамасы. Құрамында ет бар өнім, «В» санатындағы қайнатылған шұжық өнімі, «Папа может» ет шұжығы ТР КО 022/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейді – мемлекеттік тілде таңбаланбаған.
  2. Тергеу жүргізген бақылау және қадағалау органы - «ҚР ДСМ   СЭБК ҚО СЭБД Лисаковск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы»  РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) – талап етілмейді.
  4. Тергеу жүргізу мерзімі – 2025 жылғы «28» наурыздан бастап 2025 жылғы «03» сәуірге  дейін.
  5. Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар –"Алма" дүкені  Қостанай облысы, Лисаков қаласы.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты – бұзушылықтар анықталған жоқ.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар - бұзушылықтар анықталған жоқ.
  8. Қабылданған шаралар – Техникалық регламенттердің және (немесе) талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарларды) өткізуден алу және кері қайтарып алу бойынша жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы.Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптары.