2022 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау

2022 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау

          2022 жылдың 9 айында Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық бөлімшелері «Е-лицензиялау» порталы арқылы- 796 мемлекеттік қызмет көрсетті, «Е – лицензиялау»  порталы арқылы-576 рұқсат құжаттары берілді, «Е– лицензиялау» порталы арқылы бас тартылды-220.

         Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

         Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Департамент және оның аумақтық бөлімшелері 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді, атап айтқанда:

 - Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы СЭҚ «Е-Лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы-256 берілді, «Е-Лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы бас тартылды-124;

- «Е-Лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы-12 халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмірлер берілді, «Е-Лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы бас тартылды-0;

- «Е-Лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарына зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жаңа шикізат пен өнім түрлеріне сәйкестігі туралы СЭҚ берілді - 287, «Е-Лицензиялау» МДҚ АЖ арқылы бас тартылды - 85;

-21-МДБ АЖ арқылы патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат берілді, «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы бас тартылды-11.

         2022 жылдың 9 айында  көрсетілетін қызметті алушылардан Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің атына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Департамент халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтерге күн сайынғы және ай сайынғы мониторинг жүргізеді.

         Департаменттің аумақтық бөлімшелеріне, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 9 кешенді тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша ұсынымдар берілді.

          Электрондық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың 9 айында  облыс бойынша 205 түсіндіру іс-шаралары өткізілді, халықты қамту-327 мың адамды құрады, атап айтқанда:

         - ТД сөз сөйлеу-4;

         - радиода сөз сөйлеу - 9;

- БАҚ-та жарияланды –  5 мақала;

- әлеуметтік желілерде 54 материал орналастырылды;

- семинарлар, дөңгелек үстелдер, ашық есік күндері өткізілді - 113;

- ЛЭД экрандарда орналастырылған ақпарат -7;

- басқа да іс-шаралар -13.

29 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

 

Департаменттің ұйымдастыру жұмысы

және қызметті талдау бөлімінің басшысы                                           А. Искакова

Жарияланған күні

27 қазан 2022 17:23

Жаңарту күні

27 қазан 2022