Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу

Көру саны:15
Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар (бұдан әрі – МККБИ) –пациенттің денсаулық сақтау объектісіне немесе симптомдарының пайда болу уақытына қарамастан, жұмысқа байланысты медициналық ұйым қызметкеріне түсуі немесе жүгінуі нәтижесінде пайда болған, кез келген инфекциялық ауру.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 100 ауруханаға жатқызылған пациенттердің кем дегенде 7-уі МККБИ-мен ауырады, бұл пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі мәселе болып табылады және олардың пайда болуын болдырмау кез келген бейіндегі медициналық ұйым үшін басым міндет болуы тиіс.
Медициналық ұйымдағы МККБИ-дің себебі – пациенттің ағзасында инфекцияға дейін бар бактериялар, олар пациенттер мен медицина қызметкерлері арасында айқас жұғуға себеп болуы мүмкін. Медициналық ұйымның ортасы да микроорганизмдерді тарататын ауа, су немесе тегіс беттер инфекция көзі бола алады. Инфекция көздері – пациенттер, келушілер, антибиотикке төзімді микроорганизмдер штаммдарын тасымалдаушылар, медицина қызметкерлері, науқастарға күтім жасайтын адамдар.
МККБИ-тің берілу механизмдері: фекальді-оральді, жанасу арқылы. МККБИ-ден қорғау жолы – бүтін зақымдалмаған тері, алгоритм бойынша міндетті түрде қолды өңдеу және қолды жуғаннан кейін антисептик қолдану.
МККБИ алдын алудың негізгі шаралары:
- дезинфекциялық-стерильдеу режимін қатаң сақтау;
- медицина қызметкерлерінің қол гигиенасын сақтауы, барлық манипуляцияларды (инвазивті, диагностикалық және емдік) медициналық қолғаппен жүргізу.
Бұл іс-шаралар медициналық көмек көрсетумен байланысты көптеген инфекциялардың алдын алады.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Қол гигиенасы Сізді және қоршаған ортаңызды инфекциялардан қорғайды!
07 қараша 2025
07 қараша 2025