Тергеп-тесеру нәтежелері туралы ақпарат (12.01.2026ж-29.01.2026 ж)

Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша

 

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі инфекциялық ауру шұғыл хабархат 08.01.2026ж. М86.0 «Острый гематогенный остеомиелит дистального отдела левой плечевой кости»
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті Жылыой аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы»  РММ
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) зертханашылар
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 12.01.2026 жылдан бастап 29.01.2026 жылға дейін
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жылыой аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК қарасты «75 төсектік орталық аудандық ауруханасы»
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тексеру барысында науқасқа 06.01.2026ж. «Острый гематогенный остеомиелит дистального отдела левой плечевой кости» диагнозы қойылғанымен, шүғыл хабархат Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаға берілмегендігі анықталды. Бұл «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығының 2-тараудың 4-тармағы және "Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-151 бұйрығының 2-тарау 7-тармағы  бойынша бұзушылық болып табылады. Эпидемиологиялық тексеру барысында зертханалық зерттеулер жүргізілді, ішек тобына 10 шәйінділер алынды, оның 1-і оң (ІТТБ). Бұл "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығының  2-тарау 26-тармағы бұзылған.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: "Жылыой аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның қызметкеріне жеке тұлға ретінде айыппұл салынды.
  8. Қабылданған шаралар: 425-бап 1-бөлім бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік шара қолданылды.

 

 

 

Жарияланған күні

03 ақпан 2026 12:06

Жаңарту күні

03 ақпан 2026