Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (02.12.-22.12.2025г)
Тергеп -тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп –тексеру негізі:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабы, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-3 бабы негізінде КР ДСМ, 25.06.2024, №46 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2025 жылдың қараша айында жүргізілген бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижесі туралы 27.11.2025 жылғы № 489 актісі, 25.11.2025, № 2250002006205346 тамақ өнімдерін молекулярлық –генетикалық сынақтарға полимеразды –тізбекті реакция (ПТР) әдісімен зерттеу және иммундық ферментті талдау (ИФТ) зерттеу хаттамасы негізінде Ресей, Мәскеу, Кавказ б-pы, 58 үй, 1 құрылыс мекен жайдағы «Царицыно» ААҚ өндірілген «"Царицыно" шұжық өнімдері, жартылай ысталған шұжық өнімі "Каспийская"» өнімінде шошқа ДНК-сы аңықталды.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы :
Атырау қалалық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау Басқармасы
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):
Сарапшылар тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:
02.12.2025- 22.12.2025
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар
ЖК «Бекжан»
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты :
Тергеп –тексеру барысында «ЖК «Бекжан» , (ЖСН 791203401251), Атырау қаласы, Ет комбинаты, 1/35 мекен – жайында орналасқан № 52 азық-түлік қоймасынан 13.11.2025 жылғы № 16 өнімді (тауарды) сатып алу актісіне сәйкес сатылымда болған Ресей, Мәскеу, Кавказ б-pы, 58 үй, 1 құрылыс мекен жайдағы «Царицыно» ААҚ өндірілген «"Царицыно" шұжық өнімдері, жартылай ысталған шұжық өнімі "Каспийская"» өнімі сатылымда аңықталмады, 07.08. 2024, № ЕАЭС N RU Д-RU. PA 06.В.85889/24 сәйкестікті бағалайтын құжаты және жеткізуші ЖШҚ «Астрафуд» жүкқұжаты тексеріске ұсынылды.
«ЖК «Бекжан» тарапынан заңбұзышылықтар аңықталмады.
07.08. 2024, № ЕАЭС N RU Д-RU. PA 06.В.85889/24, Ресей, Мәскеу, Кавказ б-pы, 58 үй, 1 құрылыс мекен жайдағы «Царицыно» ААҚ шығарылған Еуразиялық экономикалық Одағының сәйкестік туралы декларациясына сәйкес өндіруші Ресей, Мәскеу, Кавказ б-pы, 58 үй, 1 құрылыс мекен жайдағы «Царицыно» ААҚ; тасымалдаушы және жеткізуші Астрахан облысы, Наримановский ауданы, Солянка селосы, Николаевский тас жолы, 12/2 мекен жайда орналасқан ЖШҚ «Астрафуд» аңықталды.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар :
Ресей, Мәскеу, Кавказ б-pы, 58 үй, 1 құрылыс мекен жайдағы «Царицыно» ААҚ.
- Қабылданған шаралар: Атырау облысының санитарлық – эпидемиологиялық бақылау Департаментіне ақпарат жолданды.
4