⚜Атырау облысы аумағында «Құрбан айт» мерекесін тойлау кезеңінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету туралы 2022 жылғы 7 шілдегі №6 қаулысы
Атырау облысы аумағында
«Құрбан айт» мерекесін тойлау кезеңінде
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығын қамтамасыз ету
туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 5-тармағына және 39-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 102-104 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында, оның ішінде Атырау облысында, COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Құрбан айт мерекесі кезеңінде 09.07.2022ж.-11.07.2022 жыл аралығында Атырау облысы тұрғындары арасында жаппай тамақтан улануды және жіті ішек инфекцияларының таралуына жол бермеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Атырау қаласы және аудандардың әкімдіктері, Атырау облысының Полиция департаменті, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы, Атырау облысы дін істері басқармасы, мешіт имамдары, қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары қамтамасыз етсін:
1) құрбандық шалу үшін жергілікті атқарушы органдар айқындаған орындарда ғана союды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті;
2) халық арасында Құрбан айт мерекесін өткізуді ұйымдастыру және тамақтан улануға және жіті ішек инфекцияға жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
3) құрбандық шалуды (Құрбандық) Qurban2022.kz сайтына өтінім беру арқылы онлайн режимде ұйымдастыру мүмкіндігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;
4) ветеринариялық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған мал сою пункттері мен алаңдарда мал сою және сату ұйымдастырылсын (ветеринариялық қызметпен бекітілген тізбеге сәйкес мал сою пункттері);
5) тоңазытқыш жабдықтардың және жеке қорғаныш құралдарының қажетті санын қамтамасыз ете отырып, мұқтаж адамдарға тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынған малдың еті) тасымалдау және сақтау кезінде санитариялық-эпидемиологиялық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
6) облыс аумағындағы барлық мал сою пункттерінің жұмысына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау күшейтілсін.
- Жіті ішек инфекцияларының және тамақтан уланудың алдын алу мақсатында Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарына ұсынылады:
1) жеке гигиена ережелерін сақтау;
2) тез бұзылатын өнімдерді тек салқын күйде сақтауға, тамақ өнімдерін сатып алған кезде жарамдылық мерзіміне, шығарылған күніне назар аудару;
3) кездейсоқ адамдардан және санкцияланбаған сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмау;
4) дайындау, сақтау, тасымалдау кезінде таза ыдысты, мүкәммалды, контейнерлерді және т.б. пайдалану.
- Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы, Атырау облысы мұсылмандарының дін істер басқармасының өкілі:
1) Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін, қабылданатын шешімнің адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндірсін;
2) Осы қаулы барлық мүдделі ведомствалардың назарына жеткізілсін, халықты ресми веб-ресурстарда, БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.
4.Атырау қаласы және аудандардың әкімдері, Атырау облысының Полиция департаменті, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы, қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары осы қаулының орындалуын қамтамасыз етсін.
5.Осы қаулы 2022 жылғы 07 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Атырау облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а
Г.А.Ирбатырова
83