Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (02.04.-30.04.2026)

     1.Тергеп –тексеру негізі:

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабы, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-3 бабы негізінде  КР ДСМ, 25.06.2024, №46 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына сәйкес 2026 жылдың  наурыз айында жүргізілген бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу  нәтижесі туралы 01.04.2026 жылғы  

№ 4 актісі, 27.03.2026 жылғы №2260001067043139, №2260001067043134, 2260001067043140,2260001067043136,2260001067043138,2260001067043137,2260001067043130 Полимерлік және басқа материалдардың, олардан жасалған бұйымдардың, химиялық заттар мен композициялардың үлгілерін зерттеу хаттамасы негізінде «Милана» Сорочка женская. Наименование производителя: Изготовитель: Узбекистан www.milanatex.uz, «BERRAK collection» майка мужская. Наименование производителя: Berrak Tekstil San. Ve Tic. Ltd.Sti, Мужская майка«Elitex» Изготовитель: ООО «ELITEX GROUP», г.Ташкент, ТХАЙ 7, Матовые капроновые колготки «Карина» Изготовитель:Китай, Носки мужские «Jieerli» Изготовитель: Китай Jieerli Knitting Co Ltd, Носки детские «Arman». Изготовитель: не указан, Гель для душа«BIOAQUA» Rice Raw Pulp. Изготовитель: Китай өнімдерінен таңбалану бойынша сәйкессіздік анықталды, яғни өнімдерде Бұйым атауы(Наименование продукции), Өндірушінің аты, немесе сатушының, немесе өндірушінің уәкілетті тұлғасы (Наименование изготовителя, или продавца или уполномоченного изготовителем лица), Өндірушінің заңды мекен-жайы, немесе сатушының, немесе өндірушінің уәкілетті тұлғасы (Юридический адрес изготовителя, или продавца или уполномоченного изготовителем лица),Шикізат құрамы (Состав сырья), Кеден аумағында тауар айналымының біріңғай белгісі (ЕАС) (Единый знак обращения продукции на таможенной территории (ЕАС)), Шығарылған күні (Дата изготовления), Өнімді күту белгілері (Символы по уходу за изделием) көрсетілмеген. Таңбалау шет тілінде жазылған(Маркировка на иностранном языке). 

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы :

Исатай аудандық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы

  1. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):

Сарапшылар тартылған жоқ.

  1. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:

02.04.2026 ж. - 30.04.2026 ж.

  1. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар

ЖК «Мұғайпова Нұргүл Қадіржанқызы»

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы

 нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты :

  

Тергеп –тексеру барысында матовые капроновые колготки «Карина», Носки мужские «Jieerli», Носки детские «Arman» , Гель для душа«BIOAQUA» Rice Raw Pulp  өнімдерінің қадағалануынын қамтамасыз ететін ілеспе құжаттары, яғни жеткізуші жүкқұжаты тексеріске ұсынылмады.

Тексеріске аталған өнімдердің жеткізуші жүкқұжаты және сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттары ұсынылмауына байланысты өндіруді, сәйкестікті бағалауды, әкелуді, тасымалдауды, сақтауды жүзеге асырған субъектілерді айқындауға мүмкіндік болмады.

 

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар :

ЖК «Мұғайпова Нұргүл Қадіржанқызы»

  1. Қабылданған шаралар : Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық -эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.04.2026 ж №5 қаулысы берілді.
Жарияланған күні

08 мамыр 2026 16:25

Жаңарту күні

08 мамыр 2026