Ағымдағы жылдың 12 қарашасында санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов Қапшағай қаласының аймақтық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Іс-шараның басты мақсаты, жаңа тоқсанның басталуы және офлайн режимінде оқитын оқушыларға ерекше көңіл бөлінеті туралы хабардар ету. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты 1-4 сыныптардағы оқушылар офлайн режимде оқуға жіберілетіні туралы айтылды. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды уақтылы анықтау және тиісті ем көрсету мәселесіне ерекше назар аудару керек екені және осылайша ауыр науқастар мен өлім-жітім санын азайту туралы сөз қозғалды. Департамент басшысы медициналық мекемелердің короновирус инфекцияның екінші толқынына дайындалу мәселесін көтерді, емдеу мекемелерінің науқастарды қабылдауға дайындығы, өкпені жасанды желдету аппараттарының орталықтандырылған оттегі нүктелері, дәрі-дәрмектер, жеке қорғаныш құралдары және жедел медициналық жәрдем автокөліктерінің жеткілікті санымен қамтамасыз ету керек делінді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға енгізілген өзгерістер туралы талқылау болды. Атап айтқанда, аумақтық басқарма қызметкерлеріне атқарған қызметі үшін сыйлықтар мен сыйақылар алуы туралы мәлімет анықталған жағдайда, қылмыстық жаза қолданылатынын айтып кетті.