Меню

Страницы

Статья

Алматы облысында эпидемилогиялық ахуал тұрақты

Алматы облысында эпидемилогиялық ахуал тұрақты

Алматы облысында өткен жылы тырысқақ, күйдіргі, туляремия, іш сүзегі сияқты жұқпалы аурулар тіркелген жоқ. Ал қызылша, көкжөтел, вирустық А гепатиті сынды дертке шалдығу бойынша сырқаттану көрсеткішінің төмендеуі байқалады. Бұл туралы облыстың Бас санитариялық дәрігері Марат Исмаилов баспасөз мәслихатында айтты.

Маусымдық ерекшеліктерге байланысты ауа-тамшы жолымен таралатын жұқпаларға, әсіресе жедел респираторлық вирустық жұқпалар мен тұмауға тұрақты мониторинг жүргізілді. Ағымдағы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың апта сайын орта есеппен 1,5% өсімі тіркелді. Алғашқы шарықтау шегі 48-аптада 20 мыңнан астам жағдаймен сипатталды, қазіргі таңда сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады. Екінші толқын қаңтар–ақпан айларында күтіледі.

Сырқаттанушылардың 49%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Облыс бойынша балалардың 24%-ы, ал жалпы халықтың 10%-ы тұмауға қарсы екпемен қамтылды. Зертханалық зерттеулер нәтижесінде А типті/H3N2 (гонконг) тұмау вирусы басым екені анықталып, 452 сынаманың 128-інен аталған вирус расталды.

«Қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай ерекше бақылауда болды. Облыс аумағында қызылша жағдайлары негізінен Қарасай ауданында – 72, Іле ауданында – 26 жағдаймен тіркелді. Ауырып жатқандардың басым бөлігін 5 жасқа дейінгі екпе алмаған балалар» – дейді Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов.

Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында қосымша иммундау жүргізіліп, 3 976 бала мен 336 медицина қызметкері қызылшаға қарсы екпемен қамтылды.

Аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарында да эпидемиологиялық тұрақтылық қамтамасыз етілді. Кене энцефалитінің алдын алу үшін 6 эндемиялық ауданда сәуір және маусым айларында 738 гектар аумақта кенелерге қарсы өңдеу жүргізілді.
Алдын алу мақсатында 4 мыңнан астам адам профилактикалық екпемен қамтылды. Сонымен қатар безгекке қарсы өңдеу 70 гектар су айдынында 6 турда, ал туляремияның табиғи ошақтарында 2 228 гектар аумақта дератизация жұмыстары жүргізілді.

Жалпы алғанда, 2025 жылы Алматы облысында атқарылған кешенді санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар жұқпалы аурулардың алдын алуға, эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтауға және халықтың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, тұрғындардың денсаулығын қорғау басты басымдық болып қала береді.

 

Дата публикации
09 января 2026
Дата обновления
09 января 2026
Тип
Аналитическая статья

Сейчас читают

Полезная информация
23 октября 2026
Медицинский осмотр
Полезная информация
23 октября 2026
Пищевая токсикоинфекция
Полезная информация
23 октября 2026
Яркие впечатления и богатая история: Незабываемое путешествие в Узбекистан

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы