18.06.2020 жылғы №189-НҚ "Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы"
Көру саны:8
Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 71-бабының 17-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Л.М. Ахметниязоваға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіз: «Гедеон Рихтер» ААҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі 2020 жылғы 11 маусымдағы № 197 хаты.
Төрағаның міндетін атқарушы Н.Сәдуақасов
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті
төрағасының
2020 жылғы __ маусымдағы
№ __ бұйрығына
қосымша
Қолданылуы тоқтатылған дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізбесі
|
№ |
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Берілген күні |
Дәрілік заттың атауы (дәрілік нысаны, дозасы) |
Өндіруші, елі |
Тіркеу куәлігінің иесі, елі |
|
1 |
ҚР-ДЗ- 5№018479 |
30.05.2017 ж. |
Бидоп® 2.5 мг, таблеткалар |
Ниш Генерикс Лимитед, Ирландия |
«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия |
|
2 |
ҚР-ДЗ-5№018480 |
30.05.2017 ж. |
Бидоп® 5 мг, таблеткалар |
Ниш Генерикс Лимитед, Ирландия |
«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия |
|
3 |
ҚР-ДЗ-5№018481 |
30.05.2017 ж. |
Бидом® 10 мг, таблеткалар |
Ниш Генерикс Лимитед, Ирландия |
«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия |
15 қазан 2020
15 қазан 2020