10.06.2020 жылғы №179-НҚ "Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы" бұйрық

Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы

 

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 71-бабының 17-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Л.М. Ахметниязоваға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

        Негіз: «Абботт Қазақстан» ЖШС 2020 жылғы 28 мамырдағы № 208 хаты.

 

             Төраға                                             Т.Сұлтанғазиев

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрлігі

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

 сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті

төрағасының

 2020 жылғы __ сәуірдегі

№ __ бұйрығына

қосымша

 

Қолданылуы тоқтатылған дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізбесі

 

№

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Берілген күні

Дәрілік заттың атауы (дәрілік нысаны, дозасы)

Өндіруші, елі

Тіркеу куәлігінің иесі, елі

1

ҚР-ДЗ-

5№016558

14.10.2015 ж.

Тарка®, босап шығуы өзгертілген, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 2мг/ 180 мг

Аббви Дойчланд ГмбХ и Ко. КГ, Германия

Абботт Лабораториз ГмбХ, Германия

2

ҚР-ДЗ-

5№016560

14.10.2015 ж.

Тарка®, босап шығуы өзгертілген, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 4мг/ 240 мг

Аббви Дойчланд ГмбХ и Ко. КГ, Германия

Абботт Лабораториз ГмбХ, Германия

 

Жарияланған күні

15 қазан 2020

Жаңарту күні

15 қазан 2020