Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі 21.04.2025 жылғы №1649 шұғыл хабархат.
2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе қалалық санитариялық-эпдемиологиялық бақылау басқармасы.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім) тартылмады.
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі 23.04.2025-08.05.2025 ж.
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар - «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ «Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты» КММ.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты - тамақ өнімдерін микробиологиялық зерттеу хаттамасының №2250002184634322 - 28.04.2025 ж., нәтижесінде 2 тамақтан - геркулес ботқасынан патогенді стафилококк, піскен сиыр етінен ІТТБ анықталды. Бұл, Кеден одағы комисииясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен бекітілген ТРТС талаптарына сәйкес келмейді, №880 ТР КО 021/2011 тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы 2 қосымшасының 1,1 тармағының және 1,8 тармағының бұзушылығы болып табылады.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ «Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты» КММ.
8.Қабылданған шаралар- әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 39320 теңгеге айыппұл салынды.

 

 

Жарияланған күні

26 маусым 2025 16:57

Жаңарту күні

26 маусым 2025